АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АҚША БОПСАЛАЙТЫН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 30.04.2021
Оқылды: 830
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында 9 миллион теңге ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Алматы облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, ақпан айының соңында Талдықорған тұрғыны құзырлы органға арызданған. Шағымданушы өзінен белгісіз адамдардың 9 миллион теңге бопсалағанын жеткізген.

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы бойынша тіркеліп, сәуір айында күдіктілер арнайы операция кезінде ұсталды. Шараны Сарқан аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізді. 26, 28 және 58 жастағы күдіктілер қолға түсті. Тінту барысында олардың бірінен оқ, қару тәркіленді. Ұсталғандар қамауға алынды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"