ТАЛҒАРДА ТАҒЫ БІР АДАМНЫҢ ӨМІРІН ЖАЛМАҒАН ЖОЛ АПАТЫ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 04.05.2021
Оқылды: 1259
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Талғар ауданында тағы бір көлік апаты болғанын хабарлады.

«Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 24-ші шақырымында болған оқиға кезінде 32 жастағы жолаушы көз жұмған. Алдын ала болжам бойынша, Toyota автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Панфилов ауылының маңында «HOWO» маркалы жүк көлігіне соғылған. «Көлік апаты кезінде Toyota автокөлігінің 32 жастағы жолаушысы оқиға орнында тілге келместен мерт болды. Ал осы көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Талғар аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген аталған ведомствоның мәлімдемесінде.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3 бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан