ОБЛЫСТЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ АҚСУДАҒЫ ҰЯТТЫ ЖАҒДАЙҒА ПІКІР БІЛДІРДІ

Уақыты: 05.05.2021
Оқылды: 1104
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының бас полицейі Серік Күдебаев Ақсу ауданындағы ұятты жағдайға (үстінен басыңыз) өз пікірін білдірді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

"Ағымдағы жылдың 4 мамырында әлеуметтік желілерде сол кезде Ақсу ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарған ішкі істер органдары қызметкерінің әдепсіз мінез-құлқының видеосы жарияланды. Аталған қызметкер жеке құраммен жұмыс жасауда өрескел кешірілмейтін қателік жібергенін мойындап, қызметінен босату туралы баянат жазды. Дегенмен, осы дерек негізінде, менің тапсырмам бойынша, Алматы облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізуде, оның нәтижелері бойынша болған оқиғаға объективті баға берілетін болады", - деді генерал С.Күдебаев.

Еске түсіре кетейік, желіде Ақсу аудандық полиция бөлімінің басшысына қатысты бейнежазба тараған еді. Онда ауданның полиция басшысы жұмыс кеңсесіне кірген қызметкерге дауыс көтеріп, балағаттайды, боқауыз сөз айтып, орнынан тұрып келіп шүйлігеді. Ол аздай Жансүгіров ауылының көшелерінде түнде жүріп, жолда кезіккен әйел азаматшаларға "тоқта" деп айқайлайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"