Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДА АЛМАТЫЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚАЗА ТАПТЫ

Уақыты: 19.05.2021
Оқылды: 1829
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қарасай ауданында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жол апаты таңғы сағат 9-дар шамасында Қарасай ауданында болды Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Көлді-Жалпақсай тас жолында «Mazda-626» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 22 жастағы Алматы қаласы патрульдік полициясының инспекторы Нәдір Қалымов тізгіндеген «Lada Granta» автокөлігімен соқтығысқан. Соққы инерциясымен «Lada» жол шетіне қарай ұшып кетіп, ағашқа соғылған.

- Полиция кіші сержанты Н.Қалымов түнгі ауысымнан үйіне қайтып келе жатқан, бірақ ол үйіне сол күйі жете алмады. Полицей алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Әртүрлі дене жарақаттарын алған «Mazda-626» көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады полиция өкілдері.

Аталған факт бойынша Қарасай ауданының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізеді. Полиция кіші сержанты Нәдір Қалымов ішкі істер органдарында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет еткен еді. Оның артында анасы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"