БЕС АЙДА 110 АДАМ ЖОЛ АПАТЫНАН ҚАЗА ТАПҚАН: ОБЛЫСТАҒЫ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 29.05.2021
Оқылды: 1146
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Биыл Алматы облысының жолдарында 110 адам көлік апатынан мерт болған. Ал 1076 адам түрлі дене жарақатын алып, зардап шеккен. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Соңғы төрт айда облыс жолдарында 677 көлік апаты болған. Мәселен, «Алматы-Бішкек» жолында 52 апат болып, 13 адам қаза тапқан, 87 адам зардап шеккен. Ал, «Алматы-Өскемен» 46 көлік апаты тіркеліп, 19 адам көз жұмды, 88 адам түрлі дәрежеде дене жарақатын алған. «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» (44 көлік апаты, 11 адам көз жұмды, 77 адам зардап шекті), «Алматы-Тағлар-Есік-Маловодное» (33 көлік апаты болған, 4 адам қайтыс болды, 41 адам зардап шеккен), «Алматы-Нұр-Сұлтан» (22 көлік апаты, қайтыс болғандар саны - 8, 29 адам түрлі дене жарақатын алған) жолдарында да қаза тапқандар көп.

Полицияның баспасөз қызметі көлік жүргізушілерге жолда барынша абай болып, жылдамдықты асырмай, жол ережесін сақтауды ескертеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"