ЗЕЙНЕТКЕРДІҢ АЯҒЫНА ОҚ АТҚАН КҮДІКТІ БІР АЙ ӨТКЕННЕН КЕЙІН ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 01.06.2021
Оқылды: 1012
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қарасай ауданы Шалқар ауылында бір ай бұрын көшеде мылтықпен оқ атып, оқиға орнынан бой тасалап жүрген күдікті ұсталды.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 сәуір күні түнде ол қызын іздеуге шығып, ауылда оқ атқан. Оқиға орнында зейнеткер аяғынан ауыр жарақат алып, кейін бір аяғын кестіргені белгілі болды.

- Оқ атқан Қаскелең қаласының 29 жастағы азаматы болып шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, яғни, адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланды. 31 мамыр күні әр жерде жасырынып, қашып жүрген күдікті Тұрар ауылында қолға түсіп, қамауға алынды. Сол күні ол өзінің бұл әрекетіне алкогольді ішімдік ішкеннен кейін барғанын мойындаған. Басқа ақпарат жарияланбайды, - делінген полиция хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"