ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗУДЕ

Уақыты: 25.06.2021
Оқылды: 2406
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облыстық жедел штабы бүгін терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізуде.

Бүгін, яғни, 2021 жылдың 25 маусымында Талдықорған қаласында барлық санитарлық-эпидемиологиялық сақтық шараларды сақтай отырып терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр. Осыған байланысты Талдықорған қаласының тұрғындарын бұл жайтқа түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және құқыққорғау органдарының заңды талаптарын орындап, оқу-жаттығуға көмектесуге шақырамыз.

Оқу-жаттығу кезінде бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Белгіленген елді мекенде көлік құралдарының қозғалысына ішінара шектеу енгізілуі мүмкін. Сондай-ақ, Талдықорған қаласы тұрғындарының назарына ҚР ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткіземіз.

Мәди АЛЖАНБАЙ