АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ДІНИ СЕКТАНТТЫҢ ҮЙІНЕН 20 ҚАП ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 22.09.2021
Оқылды: 930
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алакөл ауданында жат діни ағым ұстанатын тұрғыннан 20 қап марихуана тәркіленді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Облыстық полиция департаменті экстримизмге қарсы күрес басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің бірлескен операциясы барысында 49 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында оның үйінен жалпы салмағы 17 келіден асатын 20 қап есірткі табылды.

Полиция департаменті мәліметінше, қазір бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі, яғни, заңсыз есірткі сақтау, өңдеу, тасымалдау бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"