БАС ПРОКУРАТУРАДА БІРНЕШЕ ҚЫЗМЕТ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ

Уақыты: 14.10.2021
Оқылды: 1004
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Құқықтық статистика органдарымен мемлекеттік қызметтің 3 түрі көрсетіледі: соттылықтың болуы туралы анықтама, мұрағаттық анықтама және прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою туралы анықтама беру. Ел Президентінің мемлекеттік қызметті электрондық форматқа көшіру бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде комитет мемлекеттік қызметтің үш түрін автоматтандыру және оңтайландыру жөнінде бірқатар іс-шаралар жүргізді.

Сонымен, «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беруде» мемлекеттік қызмет толық автоматтандырылды. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «Электрондық үкімет» веб-порталы (әрі қарай – портал) арқылы альтернативті түрде де, сонымен бірге анықтаманы қағаз үлгісінде алу қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, қызметтерді оңтайландыру шеңберінде азаматтарға жылжымалы жүйенің абоненттік қондырғысы, яғни, mGov порталының мобильдік қосымшасы арқылы электрондық анықтама алу мүмкіндігі берілген.

Азаматтарға арналған жаңа енгізулердің бірі – Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын таңдаумен шетелге шығу үшін анықтама алуға электрондық сұрау беру мүмкіндігі. Ол жерде қағаз түрінде жауап алуға болады. Бұрындары Мемлекеттік корпорацияға міндетті қағаз варианты ғана жіберілетін. Электрондық анықтаманы «EgovKzBot» Telegram-бот көмегімен алуға болады. Ол үшін «Мобильді азаматтар базасына» (МАБ) тіркелу қажет. Оған eGov.kz порталында жеке кабинетке өзінің деректерін енгізу қажет. 

Ал Telegram-бот желісінде Telegram мессенджерді көшіру керек, «EgovKzBot» іздеу жолына енгізу, енгізу/қайта енгізу. Әрі қарай «Қызметтер» бағанында «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» атты сервисті таңдау, содан кейін азаматқа растау коды көрсетілген SMS хабарлама келеді, кодты енгізгеннен кейін соттылықтың болуы немесе болмауы туралы ақпарат беріледі. Сондай-ақ, порталда электрондық анықтаманы ЭЦҚ қоймай-ақ «Бір реттік SMS паролінің сервисінің» көмегімен алуға болады.

Порталда «Үшінші тұлғалармен анықтама алу сервисі» жүзеге асырылған. Енді жұмыс берушілердің өздері онлайн қызметін қолдана отырып «жеке кабинет» және (немесе) sms-растау арқылы сұрау жіберілетін адамға қатысты, адамдардың келісімшарты болған кезде басқа адамдарға қатысты соттылықтың болуы немесе болмауы туралы элек-трондық сұрау жібере алады.

Осындай қызмет алудың негізгі шарты МАБ-на тіркеу болып табылады. МАБ-не тіркелу үшін қызмет алушыға порталдағы «жеке кабинетте» «телефон» деген бағанда телефон нөмірін көрсету керек немесе оны ЖСН-ді мемлекеттік корпорацияның кез келген фронт-офисіне тіркеу қажет. «Комитеттің және оның аумақтық басқармаларының мұрағаттары шеңберінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжат көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметі ішінара автоматтандырылған.

Қызмет алу үшін электрондық сауалдарды жіберу сервисі портал арқылы іске қосылды. Қазіргі уақытта қызметті портал арқылы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы тапсыруға болады. Қызметтің нәтижелерін Мемлекеттік корпорациясы арқылы ғана алуға болады. Қызмет көрсету мерзімі 30 күнтізбелік күннен 10 күнтізбелік күнге дейін қысқартылған.

«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі автоматтандырылмаған, ол Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні. Прокуратура органдарынан шығатын апостиль қоятын құжаттардың 99 пайызын есепке ала отырып, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы құрайды, оған қатысты мынадай мүмкіндік іске асырылады:

– композиттік қызметке электрондық өтініш беру – соттылықтың болуы немесе болмауы туралы апостиль қойылған анықтама;
– мемлекеттік бажды онлайн режимінде электрондық үкіметтің төлем шлюзі (ЭҮ ТШ) арқылы төлеу;
– қызмет алушының филиалдың мекенжайын порталда таңдау.

Қызметтердің нәтижелерін қағаз түрінде алу үшін қызмет көрсететін Мемлекеттік корпорациялар. Комитеттің қызметін электрондық форматқа 100 пайыз көшіру мақсатында ҚР ӘМ «Е-Апостиль» сервисін іске асыру шеңберінде апостильдендіру бойынша қызметтерді электрондық форматқа толық көшіру жұмысы жүргізілуде.

Г. БОЛАТБАЕВА,

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Талдықорған қаласы және Қаратал ауданы бойынша инспекторы

Алматы облысы