АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАҢА ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Уақыты: 20.10.2021
Оқылды: 1143
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы. Осы тұжырымдама негзінде атқарылып жатқан жобалар мен шаралар аз емес. «ADAL KOMEK» - сол жобалардың бірі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыс аумағында халыққа құқықтық және ақпараттық кеңес беру мақсатында «ADAL KOMEK» жобасы іске қосылған болатын.

«ADAL KOMEK» жобасының негізгі мақсаты - Мемлекет басшысының "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін ашықтықты қамтамасыз ете отырып тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын қарастыру және заң аясында дұрыс ақпарат пен бағыт-бағдар беру.

Қазіргі таңда мемлекеттік орган өкілдері тұрғындарды алаңдатқан сан түрлі сауалдарды шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатуға белсенділік көрсетіп отыр. Яғни, ANTIKOR орталығында спикер апта сайын Facebook желісі арқылы тікелей эфирге шығып, сұрақтарға жауап беру арқылы консультативтік кеңес ұсынады. Осылайша халық пен мемлекеттік мекеме өкілдерінің арасында тікелей қарым-қатынас орнайды.

Тікелей эфир апта сайын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің Facebook @anticorruption.almatyoblysy парақшасында өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"