БАС ПРОКУРАТУРА БҮЛІК КЕЗІНДЕГІ ФОТО, ВИДЕОЛАРДЫ ЖҮКТЕЙТІН САЙТ АШТЫ

Уақыты: 14.01.2022
Оқылды: 1332
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, stopterrorism.kz (үстінен басыңыз) веб-сайтын іске қосты. Бұл туралы "Жетісу" газеті ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Аталған сайтта азаматтар ағымдағы жылы орын алған террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды анонимді түрде жүктей алады.

Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ, қылмыскерлерді бейнежазбалар бойынша сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуде.

Бас прокуратура Call-center 115-те ұсынылған ақпарат үшін азаматтарға алғыс айтады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"