ҰСТАП ӘКЕТУ, ТЕРГЕУ ІСІНДЕ ЗАҢСЫЗДЫҚ БАР МА? КЕЗЕКШІ ПРОКУРОРҒА ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ!

Уақыты: 21.01.2022
Оқылды: 1778
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тұрғындарға арнап маңызды хабарлама қалдырды.

"Бас прокуратурамен өңірлердегі кезекші прокурорлардың тізімі жарияланады. Оларға құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің ұстап алу, жеткізу, қылмыстарды тергеу барысындағы заңсыз әрекеттеріне шағымдана аласыз", - делінген Бас прокуратураның ресми жазбасында.

Алматы облысы бойынша кезекші прокурордың аты-жөні: Мәулен Ақбайұлы АБДРАХМАНОВ. Ұялы телефоны: 87017573627. Қызмет телефоны: 8(7282)241892. Кезекші прокурорға қазіргі жағдайға байланысты тергеу, ұстап әкету, бөлімшеге жеткізу мәселесіне қатысты заңсыз әрекеттер бойынша шағым түсіре аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"