СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ӨКІЛДЕРІ ЕКІ АДАМҒА ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАДЫ

Уақыты: 24.01.2022
Оқылды: 1334
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті екі адамға іздеу салды. Бұл туралы мәлімет "Антикордың" желідегі парақшасында жарияланды.

Желідегі фотомәліметте: "Олар қолға түскенде бірден қамауға алынады", - деп жазылған. Ізделіп жатқан 33 жастағы Кудрат Розахунов - Алматы қаласының тұрғыны. Іздеу жарияланған екінші адам – Жангазы Байбеков. 54 жастағы азамат Ескелді ауданында тұрған. Ерекше белгілері - ернінің жоғары тұсында тыртық бар.

Екеуін де сот санкциясымен бірден қамау бұйырылған. Алайда күдіктілерге нақты қандай айып тағылып отырғаны айтылмаған. Департамент мәліметіне сәйкес, олар туралы айтқандарға сыйақы қарастырылған.

«Егер осы суретте көрсетілген адамдарды танығандар болса, бірден Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне хабар беруді сұраймыз. Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 36/42, телефон: 8(7282)24-70-13, 24-76-23 (кезекші бөлім үзіліссіз істейді), 8 775 212 19 91», - делінген ведомство хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"