ҚАСКЕЛЕҢДЕ ЗАҢСЫЗ ҚАРУ САҚТАҒАН 41 ЖАСТАҒЫ КҮДІКТІ ТЕРГЕЛІП ЖАТЫР

Уақыты: 25.01.2022
Оқылды: 1267
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері травматикалық тапаншаны заңсыз сақтаған күдіктінің жеке басын анықтады. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жедел ақпаратты тексеру және іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Қаскелең қаласының тұрғыны болып табылатын 41 жастағы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Жеке тінту кезінде ұсталған адамнан травматикалық тапанша табылып, тәркіленді. Табылған қару бойынша тиісті сараптама тағайындалды.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"