ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТЕРРОРЛЫҚ ҚАУІП СЕЙІЛІП, СЫРТҚЫ БЛОКБЕКЕТТЕР АЛЫНДЫ

Уақыты: 26.01.2022
Оқылды: 1260
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі қалада блокбекеттер өз жұмысын тоқтатқанын жария етті.

"Алматы облысында террористік қауіп-қатердің "қызыл" деңгейінің күшінің жойылуына байланысты Талдықорғандағы блокбекеттер алынып тасталды. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері тұрақты орналасу пункттеріне оралды", - деп хабарлады Талдықорған әскери гарнизоны.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"