АЛМАТЫ МАҢЫНДА БЕС КӨЛІК СОҚТЫҒЫСЫП, ПОЛИЦЕЙЛЕР ЗАРДАП ШЕКТІ

Уақыты: 21.02.2022
Оқылды: 1222
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы маңында полиция көлігі ірі жол апатына түсті. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Әлеуметтік желіде жол апатының бейнежазбасы тарады. Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 19 ақпанда сағат 08.30-да Талғар ауданында болған.

"Subaru Legacy автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 26-ншы шақырымында көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып, полицейлердің Kia Cadenza маркалы көлігіне соқтығысты. Артынша Lada Largus, Subaru Outback және Mitsubishi Galant көліктеріне соғылды", - деді полиция өкілдері.

Оқиға салдарынан үш полиция қызметкері зардап шеккен, олар Есік қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің қарауынан кейін олар амбулаторлық ем алуға жіберілді. Басқа зардап шеккен адам жоқ. Жол апаты бойынша қажетті тексеріс жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"