КЕГЕН АУДАНЫНДА ПАРАҚОРЛЫҚ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ. ҚАЗІР ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Уақыты: 25.02.2022
Оқылды: 1600
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Кеген ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысын жемқорлық фактісі бойынша ұстады.

Ол Кеген ауданының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне, сондай-ақ, объектілерді пайдалануға беру актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйымның директорынан 1 000 000 теңге сомасында пара алған.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті хабарлады. Биылғы жылдың 20 ақпанында Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. «Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"