ҚАПШАҒАЙ МАҢЫНДА ҚАПТАҒАН ӘСКЕРИ ТЕХНИКА. МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ?

Уақыты: 05.03.2022
Оқылды: 1233
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

"Алматы-Қапшағай" тас жолында тізіліп тұрған әскери техникалар колоннасы көпшілікті шошытты. Бейнежазба Instagram желісінде жарияланған. Аталған жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді.

"Алматы-Қапшағай" тас жолындағы әскери техниканың жүріп-тұруы Қазақстан Қарулы Күштерінде жоспарлы түрде өтетін жауынгерлік даярлық іс-шараларымен байланысты. Жеке құрам мен әскери техника полигоннан тұрақты орналасқан жеріне жіберілді", - деді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі өкілдері.

"Биыл 25 ақпан мен 3 наурыз аралығында Қарағандыдан Гвардейск гарнизона, сондай-ақ, Алматы, Ақтау гарнизонына әскери техникалар жіберілген. "1-4 наурыз аралығында Шымкенттен Таразға, Түркістанға, «Айша-бибі» полигонына және кері бағытта Қарулы Күштерге тиесілі техникалардың қозғалысы жоспарланып отыр. Сонымен бірге, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін әскери техникиларды темір жолмен Батыс Қазақстаннан елдің оңтүстік бөлігіне жоспарлы түрде жеткізу іске асырылады. Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің оқушыларына практикилық сабақтар өткізу мақсатында Семей гарнизонынан Щучинск қаласына әскери техника жөнелтілді", - деді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"