ТАЛҒАРДА ІССАПАРДАН ОРАЛҒАН ЕР АДАМ ӘЙЕЛІН ҰРЫП ӨЛТІРДІ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 19.03.2022
Оқылды: 1144
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында жантүршігерлік қылмыс тіркелді. Жұмысынан оралған ер адам ішімдік ішіп алған әйелін ұрып өлтірді.

Бұл қылмыс Талғар ауданындағы ауылдардың бірінде болған. Анықталғанындай, іссапардан келген үйдің отағасы әйелінің мас, ал балаларының тамақ ішпегенін көреді. Үйдегі жағдайға ашуланған ер адам жанжал шығарып, әйелін көзіне шөп салды деп айыптаған. Кейін аяусыз соққыға жыққан. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген әйел есін жимастан көз жұмды.

"Ер адам ұсталып, қамауға алынды. Қазір Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - деді Талғар аудандық полиция өкілдері.

Полиция өкілдері істі жан-жақты тергеу үшін сараптама тағайындалғанын атап өтті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"