БҮЛІК КЕЗІНДЕ ҰРЛАНҒАН 345 ҚАРУ ӘЛІ ТАБЫЛМАДЫ - ОБЛЫСТЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ

Уақыты: 29.03.2022
Оқылды: 1370
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысында жоғалған 345 қару әлі табылмаған.

Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров есеп беру кездесуінде айтты. «Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған қызметтік қарудың 345 данасы табылмай тұр. Кеше осыған орай жеке құрамды, оның ішінде, Ұлттық ұланнан 150 қызметкер алып, қалалық басқарманың мамандарымен бірлесіп, барлығы 370 адам Қапал, Ақсу, Қарабұлақ ауылдарын аралау жұмысы жүргізілді. Табылған қарулар бар», - деді аймақтың бас полицейі.

Полиция бастығы Қаңтар бүлігінде ұрланған қаруды қайтарып бергендерге ешқандай жаза қолданылмайтынын, яғни, әкеп берген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын айтты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"