АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНАН СЕНАТ ДЕПУТАТЫН САЙЛАУ. АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Уақыты: 25.03.2022
Оқылды: 584
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Jetіsý» газетінің меншік иесі «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлаулар туралы» конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 11 маусымдағы №351 Жарлығына сәйкес, 2022 жылдың 22 сәуірінде өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа сайлауға қатысу үшін ұсынылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттықтан үміткерлерді сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын беру шарттары мен тәртібі және төлем мөлшерлемелері туралы хабарландырады.

ГАЗЕТТІҢ БАСЫЛЫМ АЛАҢДАРЫН БЕРУДІҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

Газет үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін басылым алаңдарын береді.

Газеттен басылым алаңдарын беру газеттің меншік иесі мен үміткердің сенімді өкілі арасында үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған басылым алаңын беруге жасалған келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Келісімшарттың формасы мен тиісті құжаттар жазбаша өтініш тапсырылған кезде қоса беріледі. Мұндай келісімшарт жасау үшін сенімді өкіл газеттің меншік иесіне келесі ақпараттарды көрсете отырып, жазбаша өтінішпен шығады:

1)өтініш беруші үміткердің (сенімді өкілдің) тегі мен аты-жөні;

2)уәкілетті органмен берілген үміткердің (сенімді өкілінің) жеке бас куәлігінің көшірмесі, үміткер (сенімді өкіл) куәлігінің көшірмесі;

3)үгіттік материалдардың түрі, алатын алаңының жоспарланған көлемі көрсетілген жазбаша өтініш мазмұны;

4)қағаз (уәкілетті өкілдің көрсетілген әр парақтағы қойылған қолымен) және электронды тасымалдағыштағы үгіттік материалдың мәтініне түсіндірме.

Сайлауалды үгіт 2022 жылдың 1 сәуірінде сағат 18.00-де – үміткерлерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және жергілікті уақыт бойынша 2022 жылдың 21 сәуірінде сағат 00.00-де бітеді.

Газетке жазбаша өтініш, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі, 28-үй, 4-қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

Жарияланымдарда ақпаратты берген тұлғаның тегі, қаржыландыру көздері, материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, олардың төленуі туралы ақпараттар болуы тиіс. Баспалық материалдарды орналастырудың кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу реттілігіне байланысты газетпен белгіленеді. Өтініштер бір мезетте түскен жағдайда газет тарапынан дәл сол күні жеребе өткізіледі. Жеребеге баспалық материалдарды орналастыру кезектілігіне таласушы үміткерлердің уәкілетті өкілдері мен таластың тәуелсіз тарабы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Әрбір уәкілетті өкілге ішінде баспалық материалды орналастырудың мерзімі көрсетілген, мөрленген конвертті таңдау ұсынылады. Конверттер саны таласқа қатысушылардың санымен тең болады. Жеребе аяқталғаннан кейін таласқа қатысушылар мен БАҚ өкілі жеребе хаттамасына қолдарын қояды. Жеребе нәтижесі (хаттаманың көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына тапсырылады. 

ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН БЕРУДІҢ ТӘРТІБІ

Газетке үгіттік баспа материалдары газет жарық көретін датаға 3 (үш) күнтізбелік күн қалғанға дейін модульдер немесе мақалалар түрінде тапсырылуға тиісті.

Газет материалдарда конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бүлдіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық алауыздық тудыруға, сондай-ақ, заңмен қарастырылмаған және заңмен қарастырылған тағы басқа да негіздерде әскерилендерілген құрылымдар құру идеялары көрініс берген жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Газет үміткерлердің абыройы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіттік баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген басылым алаңдарын берудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органдардың талабына сай түзетілуі мүмкін. 

ГАЗЕТТІҢ БАСЫЛЫМ АЛАҢДАРЫН ТӨЛЕУДІҢ  ТӘРТІБІ МЕН МӨЛШЕРІ

Үгіттік материалдарды орналастыруға арналған басылым алаңдарының бағасы:

– ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланған беттерге модуль орналастырудың 1 шаршы см. үшін 400 теңге;
– ҚҚС-ты қоса алғанда журналистік мақалалар жарияланған беттерге мақала орналастырудың 1 шаршы см. үшін 400 теңге.

Төлем серіктестік берген есепшот негізінде сол есепшот берілген күннен бастап 5 (бес) банк күні ішінде жүргізіледі.

Төлем газеттің басылым алаңын беру жөніндегі тиісті келісімшартта немесе есепшотта көрсетілген серіктестіктің банктік реквизиттеріне төленеді.

Барлық сауалдар бойынша Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі, 28-үй, 4-қабат мекенжайы бойынша хабарласуға болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан