ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ҚОЛЫНДА ЕКІ БАЛАСЫ БАР ӘЙЕЛДІ КӨЛІК ҚАҒЫП КЕТТІ

Уақыты: 24.04.2022
Оқылды: 1452
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ескелді ауданында жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Жүргізуші қолында екі баласы бар әйелді қағып кеткен.

Жол апатын жасаған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. "23 сәуірде сағат түнгі 22:05 шамасында Ескелді ауданында үш адамның өліміне әкеліп соққан жол апаты орын алды", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Қарабұлақ ауылында 19 жастағы "Audi-80" жүргізушісі Алдабергенов көшесімен келе жатып, қолында екі баласы бар 36 жастағы әйелді қағып кетті. Үш жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"