ҚАРУ-ЖАРАҚ САҚТАП, ЕСІРТКІ САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН: ТАҒЫ ДА ҚЫЛМЫС

Уақыты: 13.05.2022
Оқылды: 1634
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғанда есірткі саудасымен айналысатындарды ұстау операциясы кезінде қолға түскен күдіктіден қару мен оқ-дәрілер де тәркіленді.

Операция барысында 31 жастағы есірткі сатушы сауда жүргізіп тұрған жерінен ұсталды. Ол «Шығыс» шағынауданында психотроптық мефедрон затының бірнеше дозасын өткізіп жатқан. Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту кезінде осы препараттың тағы 80 грамы табылды. Сондай-ақ, синтетикалық есірткіден басқа қару-жарақ пен оқ-дәрілер арсеналы тәркіленді.

- Күдіктінің үйінен ТОЗ-8, 5, 6 мм калибрлі бір ұңғылы мылтық, "ИЖ-К" бір ұңғылы мылтық, 16 калибрлі мылтық және 20-дан астам патрон табылды. Қару тіркелмеген және ерекше нөмірлері жоқ, - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Тәртіп сақшылары арнайы операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"