АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ "АНТИКОР" ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ

Уақыты: 29.05.2022
Оқылды: 1572
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында кадрлық ауыс-түйіс болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесі хабарлады.

Мақсат Жебегенов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментіне басшы болып тағайындалды.

Мақсат Мырзаханұлы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын бітірген. 2002-2022 жылдар аралығында Ұлттық қауіпсіздік органдарында, оның ішінде, ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Жаңа тағайындауға дейін ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"