АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ "АНТИКОР" ҚЫЗМЕТІ БАЛАЛАРҒА СЫЙЛЫҚ ТАРАТТЫ

Уақыты: 01.06.2022
Оқылды: 1128
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Оңалту орталығының кішкентай емделушілері сыйлыққа кенелді.

Алматы облысы бойынша антикоррупциялық қызмет ұжымы «Күншуақ» Алматы облыстық балаларды оңалту орталығында болып, ондағы тәрбиеленушілермен кездесті. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді.

Жылы сөздерін жаудырып, ізгі тілектерін білдірген департамент қызметкерлері балғындарға мереке барысында алып келген сыйлықтарын табыстады. Ал 9 жасар Амина сыйлықтан бұрын мейірімді жандардың ыстық ықыласын асыға күткенін айттып, мәз-мейрам болды.

Департамент басшылығы еліміздің ертеңгі тірегі - бүгінгі бүлдіршіндер екенін айта келе, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім, жемқорлықсыз жарқын болашақ сыйлау әр азаматтың міндеті екенін тілге тиек етті.

Айта кетейік,  оңалту орталығында 5-тен 14 жас аралығындағы жүздеген бала емделуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"