ҚЫРҒАУЫЛДЫ АУЫЛЫНДА БЕС БАҒЫТҚА ШЫҒАТЫН АЙНАЛМА ЖОЛ АШЫЛДЫ

Уақыты: 26.08.2022
Оқылды: 2389
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы (ҮАААЖ) құрылысының концессиялық жобасы аясында Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылында орналасқан жолайрық ашылды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

"Аталған жолайрықта Алматы қаласына, Ұзынағашқа, Қырғауылдыға және Райымбек ауылына шығатын төрт бағыт бар. Бұған қосымша тікелей айналма жолға шығатын бағыт ашылған. Мердігер ұйым айналма жол аумағын абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізді, атап айтқанда, 60-қа жуық жол белгісі, 3 жаяу жүргіншілер өткелі орнатылып, жарықтандыру, іргелес аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, барлық бағыттар бойынша тротуарлар салынды”, - деді Алматы облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Ысқақов.

Айта кетейік, жолайрық құрылысы ағымдағы жылдың 2 мамырында басталған еді. Мердігер ұйым құрылысты белгіленген мерзімінен бұрын аяқтады.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"