ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ ШЕТІНЕН ЖАС ҚЫЗДЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 26.08.2022
Оқылды: 1961
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған қаласының шетінен жас қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы Жетісу облысының полиция департаменті хабарлады.

«Талдықорғанның шетінде кеше кешке салынып бітпеген биік ғимараттың жанынан жас қыздың денесі табылды. Болжам бойынша, 23 жастағы жергілікті тұрғын үлкен биіктіктен құлап, өзіне қол жұмсаған. Қыздың өлімінің себептері мен жағдайлары анықталуда. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген полиция хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"