САРҚАНДА ЖОЛ АПАТЫНАН ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ - ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

Уақыты: 25.09.2022
Оқылды: 1495
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Сарқан ауданында көлік апатынан үш адам мерт болып, екеуі жарақаттанды. Көлік апаты кеше Алмалы ауылының маңында болған.

«Тойота Хайлюкс көлігін 38 жастағы тұрғын тізгіндеген. Ол Алматы-Өскемен тасжолының 427-ші шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылған. Оқиға орнында үш адам мерт болды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция ақпаратына сәйкес, көлік жүргізушісі мен 48 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған фактіге қатысты тергеу жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"