ҚОРҒАСТА ҮШ КҮН КӨЛІК ӨТКІЗУ БЕКЕТТЕРІ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙДІ - КОМИТЕТ

Уақыты: 01.10.2022
Оқылды: 1445
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Панфилов ауданында 1-3 қазан аралығында Қазақ-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктері жұмыс істемейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Комитеттің мәлімдеуінше, аталған үш күнде Қытай Халық Республикасының құрылған күні тойланады. Ал Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штат режимінде жұмысын жалғастырады.

"Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", – делінген Комитет таратқан хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"