КЕГЕН АУДАНДЫҚ СОТЫ ТӨРЕҒАЛИ ТӨРЕӘЛІНІ БОСАТУ ЖӨНІНДЕГІ ІСТІ ҚАРАДЫ

Уақыты: 03.10.2022
Оқылды: 1509
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шығады.

Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, әншінің қорғаушысы сотқа оны кепілдікпен босату жөнінде өтініш түсірген. Іс бүгін қаралған. «Кеген аудандық соты күдікті Төреғали Төреәліні 10 миллион теңге кепілдікпен босату жөніндегі істі қарады. Кепілдікпен босату ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексте қарастырылған», - делінген Алматы облыстық соты таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде белгісіз жігіт Төреғали Төреәлі оның қабағын жарып, жұдырықтағанын айтып, шағымданған болатын.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"