КОМПЛАЕНС-ОФИЦЕР: "ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҰМЫСЫ ТОҚТАМАЙДЫ"

Уақыты: 30.11.2022
Оқылды: 2125
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Өлке тынысы» ЖШС комплаенс-офицері Жанар Қабасова ұжыммен жоспарлы кездесуін өткізді.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның біріншісі Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын талқылауға қатысты болды.

- Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» идеологиясын насихаттауды тоқтатпауымыз керек, - деді комплаенс-офицер.

Жиындағы екінші мәселе салық салу тақырыбына арналды. Кездесуде еліміздегі салық саясатының тиімділігі салық салу процесін ұйымдастыру деңгейіне байланысты екені айтылды. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, көлеңкелі экономиканың көлемін азайту мақсатында жеке табысқа салық салуды толық көлемде әкімшілендірудің маңызы зор. Бұл орайда халықтың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау қажет. Кірістерді декларациялау көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің тиімділігін арттырады.

Жиында мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, салық салу базасын кеңейту және жеке табыс салығы бойынша бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту, Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің салық мәдениетін арттыру міндеттері талқыланды.

Жиын барысында көтерілген сұрақтарға баяндамашы жан-жақты түсініктеме берді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"