Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ЖАРКЕНТТЕ 6 ЖАСАР БАЛА ТУҒАН ҚАРЫНДАСЫНА ПЫШАҚ СҰҚҚАН - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 11.01.2023
Оқылды: 1593
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Оқиға 10 қаңтарда болған. 6 жасар бала өзінің 3 айлық қарындасына үш жерден пышақ салған. Алған жарақатынан нәресте көз жұмды.

Қыз төрт ұлдан кейінгі отбасының көптен күткен баласы болған. Үлкен екі ұл студент. Анасы үшінші ұлын мектепке алып кетіп, үш айлық нәресте мен 6 жастағы төртінші ұлын үйге тастап кеткен. "Неге бұлай істедің?" деген сұраққа 6 жастағы бала: "Ол жылап мазамды алды", - деп жауап берген. Баланың ешбір психикалық ауытқуы жоқ, 1-сыныптың оқушысы.

"Жаркент қаласында жаңа туған балаға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі Жетісу облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"