ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫН БҰЗҒАН 226 АДАМ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ - БАС ПРОКУРАТУРА

Уақыты: 02.02.2023
Оқылды: 1686
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

2022 жылы прокурорлар уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1,5 млрд.теңге сомасына 68 кәсіпорындағы 4 мың қызметкердің алдындағы жалақы бойынша борыштарды өтеуді қамтамасыз етті.

Жалақы бойынша берешекті жедел өндіріп алу үшін деректер алмасу жолға қойылды, дебиторлармен жұмыс жүргізілуде және борышкерлердің мүлкін іздеу жүріп жатыр. Мысалы, «Тамыр» ЖШС компаниялар тобы 243 қызметкерге 60 млн.теңге қарыз болған.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының ұсынуы бойынша кәсіпорынмен қарыздар толығымен төленіп, ал жұмыс беруші ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Шетелдік жұмыс күшін тартатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыскерлерінің құқықтарын сақтауы жеке бағыт болып табылады.

Ең көп таралған заңбұзушылық – отандық және шетелдік мамандардың еңбегіне ақы төлеудің теңгерімсіздігі. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша 66 ұсыныс енгізіліп, 228-ге жуық адам әкімшілік жауапқа тартылды, 72 млн.теңгеге айыппұл салынып, әкімдіктермен 266 рұқсат қайтарып алынды және 150 шетелдік азамат елден шығарылды.

Еңбек жағдайларының қауіпсіздігі мәселелері де назардан тыс қалмайды.

Прокурорлардың актілері бойынша 30 мың жұмысшыға жалақыға үстемеақы белгіленді, 600-ден астам қызметкерге өтемақы төленді, қорғау құралдарымен және арнайы тамақпен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету басталды, 22 бірлік жабдықтың жұмысы тоқтатылды. Әкімшілік жауапқа 226 адам тартылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі