Жаңа қаулы жобасы. Қандай жағдайда несие төлемін кейінге қалдыруға болады?

Уақыты: 24.05.2023
Оқылды: 799
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие бойынша төлемді кейінге қалдыру негіздерін анықтайтын түзетулерді әзірледі, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы  «Ашық НҚА» порталы дерегіне сүйеніп.

Бірнеше тетікті қамтитын жобаның ішінде бала дүниеге келуіне байланысты декреттік демалысқа шыққан жағдайдағы кредиттік төлем мәселесі де бар.

 Қаулы жобасы бойынша декреттік демалыс пен жалақының азаюынан бөлек несие бойынша төлемді кейінге қалдыруға келесі жағдайлар себеп болуы мүмкін:

  • қарыз алушының жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі;
  • қарыз алушының халықтың әлеуметтік осал тобына жатқызылуы немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
  • қарыз алушының екі айдан астам уақыт уақытша еңбекке жарамсыздығы;
  • қарыз алушының орташа айлық табыстың төмендеуіне әсер еткен жақын туысының, жұбайының науқастануына, қайтыс болуына байланысты мән-жайлар.
  • қарыз алушының мерзімді әскери қызметке шақырылуы.

Бұдан тыс, қарыз төлеуде кедергі болып есептелетін оқыс оқиғалар да осылардың құрамында.

Айталық, алдын алуға мүмкіндік жоқ төтенше жағдайлар: өрт, су тасқыны, әскери іс-қимылдардан борышкердің мүлкіне залал келсе, несиесін кейінге қалдыруға өтініш бере алады.

Фото: көрнекілікке алынды