Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер және басқа да интернет-сервистерді пайдаланушы балаларға арналған ұсыныстар

Уақыты: 20.11.2023
Оқылды: 764
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жалпы Интернет желісінде көп тараған құқық бұзушылардың құрбаны болмау үшін балалар келесі қарапайым ережелерді есте сақтауы керек:

- ешбір жағдайда өз дербес деректеріңізді, сондай-ақ ата-аналардың, туыстардың, достардың деректерін (яғни, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұрғылықты мекенжайы, оқу орны, телефоны, фотосуреттері және т. б.)  желінің басқа пайдаланушыларына хабарлауға болмайды, бұл пайдаланушылар сіздің достарыңыздың тізімінде болса да;

- есте сақтаңыз, Интернет-сайттар мен әлеуметтік медиа пайдаланушылары ойдан шығарылған, оның ішінде басқа адамдардың суреттері, немесе тіпті балалардың деректерін пайдалана алады;

- интернет қолданушылары тарапынан жасалған қоқан-лоқыдан қорқудың қажеті жоқ, шындығында олар сізге жеке, сіздің жақындарыңыз да ештеңе істей алмайды. Олар әдетте балаларды бақылауға алу үшін оларды қорқытады. Бірінші қауіп төнген кезде сіз бұл туралы ата-анаңызға, ағаңызға, әпкеңізге, мұғалімге және т. б.,  дереу айтуыңыз керек, одан ұялуға болмайды.

- ешбір жағдайда әлеуметтік желі, мессенджерлер және басқа да Интернет-ресурстардың  пайдаланушыларының бұйрықтарын немесе нұсқауларын орындамаңыз.
Ең қарапайым нәрсе - олардың парақшаларын бұғаттау. Әлеуметтік желілерде, мессенджерлер және басқа да онлайн-сервистерде белгісіз адамдардан түсетін достықты қабылдамаңыз.

- өзіңізге қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды орнатпаңыз. Оларды орнатпас бұрын бұл қосымша не үшін және т. б. туралы Интернеттен оқыңыз.

Дереккөз: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі