ӨМІРДЕ ДЕ, ҚЫЗМЕТТЕ ДЕ БІРГЕ

Уақыты: 23.06.2024
Оқылды: 442
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Халық үніне құлақ асатын мемлекеттік қызметшілер – қоғамның айнасы. Сондықтан да еліміздегі әрбір тұрғынның өтініш-тілегін орындауда мемлекеттік қызметшілердің алар орны мен рөлі ерекше. Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша  департаментінде жауапкершілік жүгін арқалап, отбасымен мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүргендер көп.


Өмірде де, қызметте де қол ұстасып бірге келе жатқан департаменттің  заңгері Бағдат Ибраимов пен Қорлан Сауқымова. Мемлекеттік қызметте табан аудармай жұмыс істеп келе жатқан отбасы 4 бала тәрбиелеп отыр. Отағасы Бағдат Ибраимов 1982 жылы Еңбекшіқазақ ауданы Ново-Алексеевка ауылында дүниеге келген. Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тамамдаған ол 2013 жылы Алматы облысының статистика департаментіне жұмысқа орналасады. Қазіргі уақытта ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының  Жетісу облысы бойынша департаментінде қызмет атқарады. Жалпы мемлекеттік қызмет өтілі 11 жыл. 

Жары Қорлан Сауқымова 1984 жылы Алматы облысының Талғар қаласында дүниеге келген.  Отағасы екеуі бір мемлекеттік мекемеде жұмыс істейді. Қорлан мемлекеттік қызметте 20 жылға жуық жұмыс істеп келеді. Бүгінде ол ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаменті статистикалық ақпараттарды пайдаланушылармен және респонденттермен жұмыс бөлімінің бөлім басшысы. 
Жұмыс еңбекті, төзім мен кәсібилікті қажет етеді. Бірақ, адал қызмет етіп, жауапкершілігі мол жұмысты абыроймен атқарып жүрген жандар осы мамандықты таңдағанына ешқашан өкінген емес.

С. МЕДЕУОВ,
 Ұлттық статистика бюросы Жетісу облысы бойынша
департаментінің бөлім 
басшысы