ЕЛТАҢБА ӨЗГЕРМЕЙТІН БОЛДЫ

Уақыты: 04.07.2024
Оқылды: 328
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Мәдениет және ақпарат министрлігі елтаңбаны өзгерту мәселесі жақын арада қарастырылмайтынын мәлімдеді.


Министрліктің мәліметінше, мәселе күн тәртібінен шығарылды.

15 наурызда Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Кеңес дәуірінің белгілеріне" байланысты Қазақстанның елтаңбасын өзгертуді ұсынған еді. 

Ол қоғамдық талқылаулар өткізу үшін арнайы комиссия құруды, содан кейін Қазақстанның жаңа мемлекеттік елтаңбасының ең үздік эскизіне ашық конкурс жариялауды ұсынған. 

Сәуір айының басында қаржы министрі Мәди Такиев су тасқынына байланысты елтаңбаны өзгерту туралы шешімді кейінге қалдыру керек деген пікір білдірген. Қаржы министрлігі құзырлы органның сауалына берген жауабында биыл Мәдениет министрлігі жаңа елтаңбаны шығаруға қосымша шығын жарияламағанын айтты.