Оқи отырыңыз
Жуырда облыстық полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы балықты заңсыз тасымалдау әрекетіне құрық салды. Бұл жолы тәртіп сақшылары рейдтік шара барысында Қаратал ауданының тұрғынын 400 келі балығымен ұстады.
– Автокөліктің жүк салғышын тексеру кезінде тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ 400 келі балық анықталды. Келтірілген залал көлемі 2 800 000 теңгені құрады. Балық ресурстарын заңсыз аулау дерегі бойынша тергеу басталып, барлық мән-жай анықталуда, – дейді табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Ринат Парманов.
Жетісулық тәртіп сақшылары өңір тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.
"Жетісу-Ақпарат"