Жетісу облысында екі адам жол апатынан қаза тапты

Уақыты: 27.09.2024
Оқылды: 310
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

"Алматы-Өскемен" тас жолында жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, аударылып қалған. Жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

"Toyota Estima" автокөлігінің жүргізушісі "Алматы-Өскемен" тас жолымен жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген. Оқиға салдарынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады аймақтық полиция өкілі Instagram парақшасында.

Жетісу полициясы көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Жақында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болған жол апатынан үш адам қайтыс болған.

Фото: instagram: zhetysu.police