Бас прокуратура мен ҰОК арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Бас прокурор Берік Асылов пен Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қол қойған келісімнің мақсаты – спорт саласында заңдылықтың нығаюы, бюджет қаражатын жымқыруды болдырмау және басқа да қылмыстарға жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу», -делінген хабарламада.
Осылайша, тараптар белсенді ақпараттық өзара іс-қимылды, бірлескен талдауларды, жобаларды, оның ішінде күштік органдардың қызметкерлері арасында танымал спортшыларды дайындап шығару мақсатында құқық қорғау органдарында спортты кеңінен насихаттау бойынша жұмыстар жүргізу туралы келісімге келіп отыр.
Фото: ҚР Бас прокуратурасы