ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ РЕЙД

Уақыты: 10.10.2024
Оқылды: 250
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Полиция қызметкерлері облыстық полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп есірткінің заңсыз жарнамасын жоюға бағытталған рейд өткізді.

Шара барысында қауіпті заттардың таралуын болдырмау үшін және өңір халқына зиянды әсерін азайту мақсатында оларды насихаттайтын көптеген хабарландырулар жойылды. Полиция Жетісу тұрғындары мен қонақтарына есірткі заттарын тарату мен жарнамалау қатаң жауапкершілік көзделген ауыр қылмыс екенін еске салады. Құқық қорғау органдары азаматтарды қырағы болуға және осындай жарнама табылған жағдайда хабарлауға шақырып, осындай бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: mk-kz.kz