Оқи отырыңыз
Алматы-Өскемен айналма тас жолында болған жол-көлік оқиғасынан жаяу жүргінші көз жұмды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Жетісу облыстық Полиция департаментінің мәліметінше «Mitsubishi Galant» автокөлігінің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, жаяу жүргіншілер өткеліне жақын жерде белгісіз жерде жолды кесіп өткен 64 жастағы әйелді қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Жүргізуші анықталып, ұсталды, көлік мамандандырылған автотұраққа жіберілді. Қазіргі уақытта полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Ауа райының өзгеруіне байланысты полиция барлық жол қозғалысы қатысушыларына жолда мұқият болуларыңызды сұрайды.
Фото: https://www.instagram.com/p/DBmEVMLCmX2/