Талдықорғанда құтқарушылар күшіктерді аман алып қалды

Уақыты: 29.10.2024
Оқылды: 416
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғанда 112 қауырт желісіне жаңбыр суы жүретін кәрізге күшіктердің түсіп кеткені, қыңсылап жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа-райына байланысты күшіктерге қауіп төнген. Ал күшіктердің анасы дәрменсіз күйде болған.

"Құтқарушылар жаңбыр суының кәрізінің торын алып, жеті күшікті шығарып алды, содан кейін оларды жануарларды қорғау ұйымының қызметкерлеріне тапсырды. Жануарларға әрдайым біздің көмегіміз қажет", делінген төтеншеліктердің хабарламасында.

 

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі