Шымкентте өткен GRAND PRIX XXXIII халықаралық турнирінің барлық пәндерінде біздің атқыштар жеңіс тұғырынан көрінді.
Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан 190 атқыш қатысты.
GRAND PRIX бағдарламасына ересек спортшылар арасында 16 жеке жаттығу, жасөспірімдер арасында 6 жеке жаттығу және аралас жұпта 3 жаттығу кірді (mixed team).
ҚР Қарулы күштерінің қызметкерлері Елена Фейнберг, Ярослав Махнев және Юрий Юрков жоғары шеберлік көрсетті. Спортшылар Қазақстанның қоржынына бір алтын, үш күміс және бес қола медаль алып келді.
Әйелдер арасындағы жарыста Елена Фейнберг 25 метрден стандартты шағын калибрлі тапаншадан атуда алтын, 25 метрден стандартты (спорттық) шағын калибрлі тапаншадан атуда күміс және 10 метрлік пневматикалық тапаншадан атуда қола жеңіп алды.
Ярослав Махнев екі пән бойынша 25 метрден стандартты (спорттық) шағын калибрлі тапаншадан ату мен жасөспірімдер арасында 10 метрден пневматикалық тапаншадан атуда екінші, 25 метрден стандартты шағын калибрлі тапаншадан атуда және ерлер арасында 10 метрден пневматикалық тапаншадан атуда үшінші орыннан көрінді.
Қарулы күштердің қызметкері Юрий Юрков 10 метрден пневматикалық мылтықтан атуда қола медаль иеленді.
Аралас жұпта Армия орталық клубының спортшылары Елена Фейнберг пен Ярослав Махнев 10 метрден пневматикалық тапаншадан атуда үшінші орынды иеленді.
Айта кету керек, жарыста жиынтығы 25 медаль сарапқа салынды.