АВТОКӨЛІК ПЕН ПОЙЫЗ СОҚТЫҒЫСЫП, ҮШ АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ

Уақыты: 01.11.2024
Оқылды: 544
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ақмола облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып, үш адам қаза болды.

 


Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тағы үш адам түрлі жарақатпен Степногорск қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

1 қарашаға қараған түні Степногорск–Заводской жолында "Audi B4" автокөлігі мен үш бос цистернасы бар локомотив соқтығысқан. Автокөлік жүргізушісі сол жерде жан тапсырған, екі жолаушы ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды, – делінген хабарламада.

Аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.