Әлеуметтік желіде сүзгіден өтпеген ақпараттардың шамадан тыс көптігі өскелең ұрпаққа қауіп-қатер төндіруде. Сондай жағымсыз әдеттің бірі – нашақорлық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында есірткі қылмысы еліміздегі өзекті мәселелердің бірі екенін айтты. Әсіресе оның жастар арасында белең алуына қарсы күрес жүргізіп, жұмысты күшейтуді тапсырды. Осы мақсатта «Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен облыстағы аудан-қалалардағы жоғары сынып оқушыларымен ақпараттық кездесулер ұйымдастырылды. Шараға 500-ге жуық оқушы қатысты. Онда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыс, ескірткі қолданудың денсаулыққа зияны кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, ақпараттық рейд жүргізілді. 2000-ға жуық адамның қатысуымен 4000-нан аса брошюра таратылды. Еріктілер және полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен нашақорлыққа байланысты антиграфити жұмыстары жүргізілді.
Бастама шеңберінде есірткінің зияны туралы хабарлауға бағытталған түрлі іс-шараға кемінде 1000 адам тарту жоспарлануда. Бұл бағдарламаға буклет, брошюраларды, үлестірме материалдарды, бейнероликтерді және әлеуметтік желілердегі жазбаларды тарату арқылы 100 000-нан астам адам қамтылады.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ