Оқи отырыңыз
Қалалық криминалдық полицияның айтуынша, қылмыстық үштік тек қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген. Топтың құрамында басқалардың күдігін тудырмайтын әйел де бар.
– Бұл үштіктің бір ерекшелігі бар – олардың барлығы бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған. Күдіктілер ұсталды және қамауға алынды. Әйел 45 жаста, оның “әріптестері” 25 және 36 жаста. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде күдіктілер қоғамдық көлікте 4 телефон ұрлағаны үшін қамалды. Айғақты заттар тәркіленді. Тергеу шаралары жүргізілуде, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.