РОБОТ СОТ ОРЫНДАУШЫ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Уақыты: 11.12.2024
Оқылды: 353
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

БАҚ өкілдеріне Жетісу облыстық Әділет департаментінің 11 айда атқарған жұмыстары таныстырылды. Департамент жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, алимент өндіріп алу бойынша 386 проблемалық борышкерді жұмысқа орналастырған. Берешектерді өтеу жөніндегі міндеттемелерден жалтарғаны үшін 239 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, 28 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – дейді сала басшылғы.


Сала мамандары осы жылы 4000-нан астам азаматқа тегін құқықтық көмек көрсетілгенін айтады. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ауылдық жерлерде 65 «Құқық кабинеті» ашылып, департамент 11 мемлекеттік қызмет түрін ұсынған. Оның ішінде заңды тұлғаларды тіркеу, адвокаттар мен нотариустарды аттестациялау, сондай-ақ құжаттарды апостильдеу. Зияткерлік меншік саласында 4 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 4 әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған. Тәркіленген өнім құны 1 миллион теңгеден асқан. Айта кетейік,  биыл «Робот – сот орындаушысы» жобасы іске қосылып, оның көмегімен 49 миллион теңге көлемінде айыппұл өндірілген. Жалпы, 1983 іс қозғалған.

Жеке тұлғаларға қатысты атқару өндірісі түскен кезден бастап оларға смс хабарлама жолданады. Және оларға 5 күн ішінде аталған хабарлама түскеннен кейін, берешегі бар жоғы анықталып, есепшоттарына тиым салынады. Одан 20 күн өткеннен кейін инкасса қойылады. Енді талап орындалмаған жағдайда мәжбүрлеп орындауға, жеке сот орындаушыларының құзіретіне өтеді. Бұл жердегі ең басты мақсат жеке сот орындаушыларға жеткізбеу, – дейді Әділет департаменті басшысының орынбасары Жандос БЕКСҰЛТАН.

Медет ЖҰМАБАЙ