ҚР ҰҚК шекара қызметі «Үздік шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы» иегерлерін анықтады.
Былтыр жыл бойы үздік қызмет көрсеткен ҚР ҰҚК шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Қорғас шекаралық бақылау басқармасы «Нұр жолы» шекаралық бақылау бөлімінің бастығы подполковник Нұржан Керченов және Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Ынталы» шекара бөлімшесінің бастығы, капитан Бағлан Сейітжан үздік атанды.
Нұржан Серкұлының басшылығымен нұржолдық шекара
сақшылары 2024 жылдың нәтижесінде жауынгерлік қызметтің жоғары нәтижесін көрсетті. Атап айтсақ, онға жуық бөтен құжатпен шекара асқысы келгендердің жолы кесілсе, бірнеше рет жеке бас кұжатын қолдан жасағандарды анықтаған. Қос азаматтықпен үш жүзге жуық жолаушы жолдан қалса, бірнеше рет бағалы бұйымды жасырып өтуге талпынғандардың алтын-күмістері әшкере болды. Сонымен қатар, жалпы бағасы 333 миллон теңгеден астам тіркелмеген қомақты қаражат тәркіленіп, қырыққа жуық бақылау өткізу пунктінің режимін бұзушы мен екі жүзге жуық Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзғандар анықталды. Екі мыңнан аса жедел тапсырма орындалып, алпысқа жуық контрабандалық тауарлардың жолы кесілді.
Бағлан Қожахметұлы басшылығымен шекара бөлімшесінде бірнеше адам мемлекеттік шекара режимін бұзғаны үшін ұсталса, мемлекеттік шекараны күзетуге байланысты шекара нарядының талабын орындамағаны үшін бірқатар тұлға заңға қайшы іс-әрекеттері үшін жауапқа тартылды. 2024 жылғы қорытындысында, «Ынталы» шекара бөлімшесінің жеке құрамы жауынгерлік және кәсіби дайындық бойынша жоғары жетістікке қол жеткізген әскери ұжым.
Айдар ҚАЛИЕВ