САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

Уақыты: 09.01.2025
Оқылды: 267
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғанда газ баллондары мен табиғи газды пайда лану мәселелеріне қатысты ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алдын алу шарасына қалалық тұрғын үй инспек циясы бөлімі, Жетісу облысының төтенше жағдайлар депар таменті, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы, жергілікті полиция және өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы сынды мемлекеттік құрылымдар қатысты.


Ұйым өкілдері тұрғындар газды пайдалануда келеңсіз жағдайға тап болмас үшін үй-үйді аралап, қауіп-қатердің алдын алу үшін тексеріс жүргізді. Рейд барысында мамандар газ баллондарының, желдету жү йелерінің және тұрмыстық газ қосудың жай-күйін тексерді. Адамдарға сертификатталған цилиндрлерді пайдалану, өздігінен қосылуға жол бермеу және үй-жайларды үнемі желдету сияқты негізгі ережелерді түсіндірді.

– Біз азаматтарға олардың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігі газ жаб дықтарына дұрыс қараудан басталатынын ескертеміз. Әр адам газ дың ауаға таралып кетуіне жол бермеуді және төтенше жағдайда не істеу керектігін білуі керек, – дейді Талдықорған қаласының тұр ғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі Жұлдыз Иманғазинова.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өткен жылы өңірде газдың ауаға таралуына байланысты 400-ден астам жағ дай тіркелген. Осындай оқиғалардың салдарынан 21 адам зардап ше гіп, оның 10-ы қайғылы жағдаймен аяқталыпты. Оқиғалардың негізгі себептері жабдықтың дұрыс жұмыс істемеуі, цилиндрлердің дұрыс сақталмауы және қарапайым сақтық шараларын сақтамаудан болған.

ТЖД өкілдері жүргізілген түсіндіру шараларының нәтижесінде соңғы тоқсанда газбен байланысты қоңыраулар саны 20%-ға төменде генін айтады.

– Газбен жұмыс істеу қолайлы болғанымен өзіндік қаупі де жоқ емес. Біз тұрғындарға барынша қауіпсіз болуы үшін ондай оқиғалар санын азайтуға тырысамыз. Тәуекелділік бар жерде қауіптің де бар екенін тұрғындар ұмытпағаны жөн, – дейді ТЖ басқармасының өкілі Жан Орысбай.

Тексеріс барысында ұйымдастырушылар қала тұрғындарын сергек болуға және газ жабдықтарын диагностикалау үшін мамандарға уа қытылы жүгінуге шақырды. Сонымен қатар, газ ауаға таралып кеткен жағдайда не істеу керектігі жайлы қадамдық нұсқаулықтары бар ақпа раттық қағаздар таратты.

Сала өкілдері газды дұрыс пайдалану бағытындағы түсіндіру жұ мыстары жалғасатынын айтады. Тұрғындар жауапкершілікті сезінген де ғана келеңсіздіктер болмайтынын ескертеді.

Медет ЖҰМАБАЙ